Қостанай облысында басқа өңірден келген өрт сөндірушілер үйіне қайтып жатыр

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы тілсіз жау бір күн бұрын ауыздықталды, қазір өрт сөндірушілер жергілікті жерлерде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше, 7 қыркүйек сағат 15.00-де өрт ауыздықталды. Оқшауланған ошақтарды, жанып кеткен орман ағаштарын жинау, елді мекендер маңындағы жерді жырту жұмысы жалғасып жатыр. 8 қыркүйек сағат 09.00-де Нұр-Сұлтан қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД гарнизонының күш-құралдары үйіне қайтарылды»,- делінген ТЖМ жеделштаб хабарламасында.

Сонымен қатар, эвакуациялық пунктілер де жұмысын жалғастырып жатыр.

«Уақытша пунктерге 17 адам, оның ішінде 7 бала орналастырылды. Әулиекөл орта мектебінде 16 адам, Әулиекөл мектеп-интернатында бір адам қалды. Эвакуацияланғандардың негізгі бөлігі өз үйіне оралды, қалғандары туыстарының жанында», - деп толықтырды ведомстводан.

Бұған дейін ТЖ министрі Қостанай облысында өрт оқшауланғанын хабарлаған болатын.

ТЖМ басшысы өрт сөндірушілер мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамына өрт сөндіру кезіндегі жұмыстары үшін алғысын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар