Қостанай облысында балық аулап жүрген азамат суға кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының құтқарушылары Тарановск ауданындағы көлден ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы Тарановск ауданының Береговое ауылынан 5 шақырым жерде түрған Жалтыр көлінен 28 жастағы азаматтың мәйітін алып шықты», - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Ведомствода мәлім еткендей, ер адам балық аулап жүріп суға батып кеткен. Қолында жеке құтқару құралдары болмаған.

Соңғы жаңалықтар