Қостанай облысында балабақшалар жұмыс істеп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық білім беру басқармасының басшысы Зәуре Байменова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысының мәліметінше, төтенше жағдай енгізілгеннен бастап Қостанайда қысқы каникул 16 қаңтарға дейін созылды. 17 қаңтарда олар штаттық режимде оқуға кірісуі керек.

«Колледжде білім алушылардың каникулы 23 қаңтарға дейін созылды. 24 қаңтарда студенттерге екінші семестр басталады. Балабақшалар толық жұмыс күні форматында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деді Зәуре Байменова.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ата-аналардан балаларының қайда екенін жіті бақылауды өтінді.

«Сіздерден балалардың қауіпсіздігіне түсіністік танытып, олармен үнемі байланысып отыруды сұраймыз. Балаларды адам көп шоғырланатын орындарға, сауда, ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, ашық мұз айдындарына, спорттық орталықтарға жалғыз жібермеңіздер», - деп атап өтті білім беру басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, ведомстводан туындаған барлық жағдай туралы сынып жетекшілеріне, мектептер, балабақшалар мен колледж әкімшілігіне хабарлауды сұрады.

Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар