Қостанай облысында балабақша тәрбиешілері КВИ жұқтырды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі», - делінген департамент хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар