+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қостанай облысында әйелдер күштерінің альянсы құрылды

2020 жылғы 24 қыркүйек 00:42
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында әйелдер күштерінің альянсы құрылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда әйелдер күштерінің альянсы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда бұрынғы тойхана тігін цехына айналды Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті Петропавлда биыл 13 адам ата-ана құқығынан айырылды

«Қазақстан халқының басым бөлігі әйелдер болғанымен, маңызды шешімдер қабылданған кезде әйелдер іс жүзінде тыс қалып жатады. Шешім қабылдауға келгенде әйелдердің белсенділігі байқалмайды. Гендерлік теңгерім сақталмайды. Сондықтан Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы әйелдер күштерінің альянсын ашуды ұсынды. Өкілдік әр аймақта ашылды», - дейді Қостанай облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының төрайымы Римма Бектұрғанова.

Бұл ұйымның негізгі миссиясы – еліміздегі әйелдердің өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру.

«Дәлірек айтқанда, әйелдерді маңызды шешім қабылдау деңгейіне көтеру, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, зорлық-зомбылық деңгейін төмендету, алимент төлету мәселелерін алға тартамыз. Біз қиын жағдайда қалған әйелдерге көмек көрсетуге дайынбыз, заңгерлер, психологтар және басқа да мамандар бар», - дейді жеке сот орындаушылары алқасының төрағасы, әйелдер күштері Альянсының басқарма мүшесі Несібелі Бәсенова.

Мұндай жұмыс бұған дейін де іскер әйелдер қауымдастығында жүргізілген. Ал әйелдер күштерінің альянсы оны іс жүзінде нықтауға мүмкіндік бермек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT