Қостанай облысында ауыр қылмыстардың барлығы ашылған – полиция

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ауыр қылмыстардың ашылуы - 100%. Бұл туралы ҚР ІІМ қоғамдық кеңесінің отырысында Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Бекет Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция департаментінің ақпаратынша, Қостанай облысында жан басына шаққандағы қылмыстың жоғары көрсеткіші байқалады. Өңірде орта есеппен 176 қылмыс тіркелген. Бұл - елдегі 3-ші көрсеткіш.
«Сондықтан тергеушілерге және криминалдық полиция қызметкерлеріне артылатын жүк ауыр. Осыған қарамастан, өңірде төрт жыл ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстарды ашу деңгейі 81 пайызға дейін жақсарды», - деп атап өтті Б. Аймағамбетов.
Осы уақыт ішінде жергілікті құқық қорғау органдары аса ауыр қылмыстарды 100 пайыз ашуға қол жеткізді. Қылмыстардың дені кісі өлімі, мүлік ұрлығы, тонау, автокөлік ұрлығына қатысты.



Соңғы жаңалықтар