Қостанай облысында ауыл әкімі сайлауына 147 кандидат тіркелді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ауыл әкімдері тізіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. Оның қорытындысы жайлы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлау комиссиясы мүшелерінің ақпаратынша, Қостанай облысы бойынша барлығы 160 кандидат ұсынылған, соның ішінде 65 кандидатты саяси партиялар ұсынса, 95 адам өз-өздерін ұсынған.

«Кеше, 14 шілде күні сағат 18:00-де сайлау науқанының тағы бір маңызды кезеңі – кандидаттарды тіркеу аяқталды. 14 шілде күнгі сағат 18:00-де ауыл, ауылдық округ және кент әкімдері тізімінде 147 кандидат тіркелген. Соның ішінде 50 кандидатты саяси партиялар ұсынса, 88-і өз-өздерін ұсынған. 12 кандидат түрлі себептермен тізімнен шығарылды. Бесеуі сәйкес келмеуі себебімен тізімнен шығарылды, төртеуі өз кандидатураларын өтініш жазып тізімнен алып тастады, екі кандидат ұажетті құжаттар ұсынбады, тағы біреуі ҰҚК жазған хаттан кейін тізімнен шығарылды. Сағат 18-ден кейін Аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен тағы екі кандидат тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынбауы себебімен тіркелген жоқ», - деп мәлімдеді Ә.Дуанбаева.

Тіркелген кандидаттардың барлығы куәлік алып, сайлау комиссиясына енгізілді.

Сондай-ақ, барлық кандидаттардың жоғары білімі бар, олардың негізгі мамандықтары – экономист, заңгер, оқытушы және ауылшаруашылық қызметкерлері.

Енді кандидаттардың үгіт-насихат жұмысы басталды.


Соңғы жаңалықтар