Қостанай облысында ауыл әкімдерін сайлауға 400-ден аса бақылаушы қатыспақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша филиалы алдағы ауыл әкімдерін сайлауға 400-ден аса бақылаушы дайындамақ. Бұл туралы аталмыш Орталық филиалының төрағасы Болат Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б. Қалиевтің айтуынша, Орталықтың қызметі сайлауға, оның ішінде сайлау учаскелерінде бақылау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.

«Қазіргі кезде облыстық филиалда 65 сайлау округінде жұмыс істейтін 400 бақылаушыны дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Б. Қалиев. – Бақылаушылар үш кезең бойынша дайындалады: бірінші кезең – бақылаушыларды тіркеу, екінші кезең – дайындық, үшінші кезең – бақылаушыларды әдістемелік материалдармен және құқық белгілейтін құжаттармен қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде Орталықта бақылаушылар онлайн режимде азаматтық кодекстің «Сайлау туралы» заңының негізгі баптары, негізгі жұмыс туралы ақпарат берілетін оқыту курстары мен семинарларынан өтуде. Б. Қалиевтің айтуынша, қазіргі кезде өңірде оқытудың үшінші кезеңі өтіп жатыр.

Қостанайлық филиалдың төрағасы бақылаушылардың сайлауға қатысуының ондағы ашықтық пен тәуелсіздікті қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар