Қостанай облысында аурухана өртеніп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының Федоров ауданында аурухана өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады.

«Қостанай облысының Федоров аудандық ауруханасы өртеніп жатыр. Өрт ғимарат шатырынан басталды. Қазіргі уақытта барлық науқастар мен аурухана қызметкерлері оқшау аймаққа көшірілді. 50-ден астам пациент эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - деді ол агенттік тілшісіне.

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеуде. Облыс орталығынан 3 арнайы техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар