Қостанай облысында аудандық аурухана карантинге жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Жітіқара ауданының орталық ауруханасы бүгіннен бастап екі аптаға карантинге алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат Жітіқара аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аурухананың көпсалалы терапиялық және хирургиялық бөлімшелерінде қызметкерлер мен пациенттерде коронавирус инфекциясы табылған.

«Осыған байланысты облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша 4-19 қараша аралығында аурухана бөлімшелері екі апталық карантинге жабылды. Аурухана толығымен қызметін тоқтатқан жоқ. Науқастарға хирургиялық және терапиялық шұғыл көмек көрсетілетін болады. Коронавирусқа шалдыққан қызметкерлер емделіп жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.


Соңғы жаңалықтар