+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Қостанай облысында «Ashyq» жобасының іске қосылуы 200 кәсіпорынның жұмысын жандандырады

2021 жылғы 8 сәуір 11:15
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында «Ashyq» жобасының іске қосылуы 200 кәсіпорынның жұмысын жандандырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Ashyq» жобасын іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дамушы елдердің банктері кредит талаптарын күшейтуге кірісті Теңгенің әлсіреуіне не себеп - ҚР Ұлттық банкі өкілінің жауабы Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері не жайын талқылады

Қосымшаның Қостанай облысында іске қосылуы карантиннен кейін жұмысын бастамаған 200-ден астам кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов мәлім етті.

«Ashyq» жобасы кәсіпкерлік нысандары: фитнес-клубтар, спа-орталықтар, хауыз, бассейндер, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, компьютерлік және боулинг-клубтардың жұмысына қойылған шектеулерді толық алып тастау немесе жарым-жартылай жабу баламасы ретінде іске қосылды. Басқа кәсіпорындар да «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істей алады, себебі ол бизнес нысандарына жалпы эпидемиологиялық жағдайға азырақ тәуелді болуға мүмкіндік береді. Мәселен, егер облыс «қызыл» аймақта тұрса, жобаға қатысушы кәсіпорындар «сары» аймақ өлшемдерімен, ал егер «сары» аймақта тұрса – «жасыл» аймақ өлшемдерімен жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу ерікті – бизнес те, азаматтар да ештеңеге мәжбүрленбейді», - деп баяндады М.Әбенов.

Қазақстанның бірнеше аймағында бизнес үшінші ай бойы «Ashyq» жобасы бойынша пилоттық режимде жұмыс істеуде. Бұл аяғына дейін жетпеген техникалық жұмыстарды анықтап, оларды қосымшаның көпшілікке шығуына дейін жоюға мүмкіндік берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT