Қостанай облысында асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатыр

Фото: Фото: Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Федоровка ауылында бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«27 сәуір күні сағат 15:36-да «101» пультіне Федоров ауданының Федоровка ауылындағы Жеңіс көшесі бойында, бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Жалын 2 гектар аумақтағы құрғақ шөпке тез тарады«, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қалың түтін салдарынан өрт сөндіру жұмыстары қиынға соғып жатыр.


Соңғы жаңалықтар