Қостанай облысында арнайы рейд кезінде 4 млн теңгеге жуық көлік салығы өндірілді
2022 жылғы 28 мамыр 03:06

Қостанай облысында арнайы рейд кезінде 4 млн теңгеге жуық көлік салығы өндірілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында арнайы жүргізілген рейд барысында 4 млн теңгеге жуық көлік салығы өндіріліп, 2 көлік тұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік салығы бойынша жеке тұлғалардың салық берешегін өндіріп алуға бағытталған рейд ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан органдармен жүргізіледі.

«23-27 мамыр аралығында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Әділет, Полиция департаменттерінің және жеке сот орындаушыларының өкілдерімен бірлесіп, 23 борышкерден 3,8 млн. теңге берешек өндіріп алынды, екі көлік ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілді.

Борышкерлердің көлік құралдарын анықтау үшін «Автоураган» және «EkinPatrolG2» жүйелеріне көлік құралдарының тіркеу нөмірлік белгілері енгізілді. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда»,-делінген хабарламада.


Jańalyqtar

MURAǴAT