USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ -  әкім

2021 жылғы 3 желтоқсан 19:47
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ -  әкім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қанша оқушы коронавирусқа қарсы вакцина алды Қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе Министрлік 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуға кеңес берді

«Ағымдағы жылы білім беру саласын қаржыландыру көлемі 128,8 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғыдан 11,7% артық (115,3 млрд. тг). Негізгі міндеттердің бірі – оқудың барлық деңгейлерінде ыңғайлы жағдайлар жасау, соның ішінде компьютерлік паркті жаңарту», - деді Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, өткен жылы компьютер паркі 21 мыңға артып, 3 мың модем және Wi-Fi роутермен толықтырылған. Нәтижесінде, оқушылар мен педагогтарды компьютермен қамтамасыз ету 100% болды, ал 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны 7-ден 4 адамға дейін төмендеді.

«Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ екендігін атап өткім келеді. Ағымдағы жылы 85 білім беру ұйымына жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері 100% шешілді», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT