Қостанай облысында «Анықтамасыз қызмет» жобасы іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мемлекеттік органдарда қағазбастылықты азайтуға арналған «Анықтамасыз қызмет» жобасы іске қосылды.

Бұл туралы Қарабалық ауданында өткен жиында ведомство басшысының орынбасары Асхан Ескендіров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, елімізде әр саланың ілгерілеуін жеделдететін Цифрлық Қазақстан бағдарламасы қолға алынған еді. Қазірдің өзінде мардымды жетістіктер мамандардың жұмысын біршама жеңілдеткен. Солардың бірі – қағазбастылықты азайту.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Асхан Ескендіровтің айтуынша, органдарда халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары көптеп ашылуы тиіс.

«Осыған байланысты департамент «Digital cheсk» челленджін бастайды, яғни тұрғындар цифрлық білімін пайдалана отырып, ең танымал деген 3 анықтаманы өздігімен дайындайды. Бұл ретте оған үшінші тұлға көмектеспейді. Бүгінгі таңда реестрде 60-қа жуық түрлі анықтама, үзінділер және басқа органдарға растау ақпаратын беретін құжаттар бар. Оларды дайындау үшін көп уақыт жұмсалады. Сондықтан бірнеше қызмет реестрден алынып тасталады», - дейді А.Ескендіров.

Мәселен, сәуір айындағы түзетулер бойынша, тұрғын үй туралы анықтама тіркеуден алынып тасталған.

Соңғы жаңалықтар