Қостанай облысында алимент төлеуден қашып жүрген екі адам қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларына бірнеше жылдан бері алимент төлемеген екі азаматтың әрқайсының 2 миллион теңгеден астам қарызы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық жеке сот орындаушылары аймақтық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері жеке сот орындаушыларының алимент төлету және борышкерлермен жұмыс жүргізу ісі жанданды. Қостанай облысында да мұндай жағдайлар аз емес.

ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 669-бабының 1-бөлімі алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік қамауға алуды қарастырады.

Осылайша, Қостанай облысының мамандандырылған әкімшілік соты алимент төлемегені үшін 2 миллион теңгеден астам берешегі бар ықылассыз екі әкені әкімшілік жазаға тартты.

«Бұл борышкерлердің әрқайсы қарыз өтемегені үшін екі тәулікке қамауға алынды», - деді Қостанай облыстық ЖСО аймақтық палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.

Жыл басынан бері Қостанай облысында балаларына алимент төлеуден жалтарған алты адам қамауға алынған.

Тек Қостанай облысында ғана азаматтардың балаларына 93 миллион теңгеге жуық қарызы бойынша 14 447 алименттік іс бар.


Соңғы жаңалықтар