+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қостанай облысында алимент төлемеген 13 әкенің көлігі тәркіленді

2020 жылғы 19 қазан 15:37
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында алимент төлемеген 13 әкенің көлігі тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Сот орындаушылары өңірлік палатасы алимент төлемей жүргендермен күресті күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстанда этникалық қақтығыстардың алдын алуды көздейтін жобалар жүзеге асырылуда

Сот орындаушылары жыл соңына дейін берешек сомасын барынша азайтуды көздеп отыр. Өйткені алимент төлемегендердің қарызы 93 млн теңгеге жеткен.

«Қасақана алимент төлемей жүргендермен белсенді күреске барлық өңірлер бойынша прокуратура қызметкерлерін де қосамыз. Қазіргі статистика нашар, 9 айдың қорытындысы бойынша 14,5 мың атқарушылық іс түскен. Алимент өндіру мәселесі оңай емес, сондықтан біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуді жөн көрдік және жақын арада борышкерлер үшін рейд бастаймыз. Сондай-ақ борышкерлерге балалар алдындағы өз міндеттемелерін ерікті түрде өтеуге мүмкіндік бере отырып, оларды жұмысқа орналастыруға тырысамыз. Бізде мұндай тәжірибе, жақсы нәтижелер бар. Жазаламас бұрын, біз осы жағдайда шешім табуға тырысамыз. Бірақ, егер борышкерлер ымыраға келгісі келмесе, онда біз заң бойынша талапкердің пайдасына жылжымалы және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алып қоюға көшеміз», - дейді Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Есімгелді Шодоров.

Жыл басынан бері тек облыс орталығында ғана алимент төлемеген 13 әкенің автокөліктері тұтқындалып, тәркіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT