Қостанай облысында әкім сайлауының алғашқы қорытындысы белгілі болды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлаудың алдын ала қорытындысын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 20.00-де барлық облыстың 173 сайлау учаскесінде ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарға дауыс беру аяқталған.

«Сайлау өткізу кезеңінде учаскелік сайлау комиссияларының 881 мүшесі жұмыс істеді. Сайлау облыстың 168 елді мекенінде өткізілді. Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде сайлау заңнамасының сақталуын саяси партиялар атынан 207 байқаушы, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан 279 өкіл бақылау жүргізі», - деді Әсия Дуанбаева.

Әсия Дуанбаеваның сөзіне қарағанда, әкім сайлауына дауыс беруге хақылы халықтың 84,4 пайызы өз таңдауын жасаған.

«Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүріп жатыр. Сайлау туралы Конституциялық заң бойынша сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау уақыты 12 сағаттан аспауы керек. Алдын ала қорытынды бойынша облыста сайлаушылардың келуі 84,4 пайыз болды»,- деп түйіндеді Әсия Дуанбаева.


Соңғы жаңалықтар