Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қала мен аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, «Еңбек» бағдарламасының орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына коронавирус пандемиясы айтарлықтай әсер етті. Соған қарамастан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы кәсіпкерлердің табысы сақталып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыссыздықпен күреске ерекше мән берілді. Тұрақты табысынан айырылғандарға уақытша жұмыс табылды. «Еңбек» бағдарламасының негізгі көрсеткіштері орындалды. Жұмыспен қамту шараларымен 31 767 адам қамтылды.

«Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады. Бағдарламаны іске асыруға 9 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Қаржының еселенуі тиісінше жұмыс орнының көбеюіне ықпал етеді. Былтырғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша облыста 9749 тұрақты жұмыс орны құрылған. 2021 жылы 17 300 жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның ішінде 9 700 тұрақты жұмыс орны болады», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар