Қостанай облысында 90 қызметкер баспаналы болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа баспанаға қол жеткізген рудныйлықтарды қоныс тойларымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа үйдің құрылысы құрылысын «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ мен Еуразиялық топ (ERG) кәсіпорны жүргізді. Өзара келісілген тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, жаңа пәтерлер «Соколов-Сарыбай» кен өндіру басқармасы (ССКӨБ) қызметкерлеріне берілді.
null

null

Жас отбасылардың шаңырағына бас сұққан аймақ басшысы үй иелерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Жұмыс барысы мен табысы, жалпы жас мамандарға  жасалып жатқан жағдайларға қаныққан Архимед Бегенжанұлы үй иелеріне сый-сияпат жасады.  

«Бұл үйдің қасбеті жаңа, жайлы әрі жақсы абаттандырылған. Балалар және спорт алаңқайлары бар аула үйдің кішкентай тұрғындары үшін сүйікті демалыс орны болатындығына сенімдімін. Алдағы уақытта Eurasian Resources Group «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бірнеше тұрғын үйдің құрылысын қолға алмақ, - деді ССКӨБ АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.

Соңғы бірнеше жыл бойы Еуразиялық топ өз қаражатының есебінен  10 млрд теңгеге үш мыңға жуық отбасын пәтермен қамтамасыз етті. Енді, міне, тағы 90 қызметкер қоныс тойывн тойлады.
null

Рудныйдағы Сандригайло көшесіндегі №63/1 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Баспана әуелі кезекте тұрған жас мамандарға беріле бастайды. Үй ауласында спорт және ойын алаңдары орналасқан.

Соңғы жаңалықтар