14:37, 24 Мамыр 2020 | GMT +6
Қостанай облысында 9 жасар бала суға батып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 9 жасар қостанайлық өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні Науырзым ауданының Қожа ауылында болған.
«Сағат 15.00 шамасында арнайы жабдықталмаған жерде 9 жасар бала суға батып кетті. Қазіргі мәлімет бойынша, ол ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасы маңында ойнап жүріп, сәлден соң суға түскен. Қалған мәліметтер анықталып жатыр», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, өзенге, су қоймаларына жалғыз жібермеу керектігін ескертеді.