+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қостанай облысында 87 ғимараттың шатыры қирады

2020 жылғы 8 сәуір 23:28
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 87 ғимараттың шатыры қирады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қатты боран мен желдің салдарынан 87 әлеуметтік нысанның шатыры қираған. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі бүгін қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізіп, ауа райының салдарынан зақым келген нысандарды қалпына келтіру бойынша жиын өткізді. Өңір басшысына әр ауданның әкімі есеп беріп, жағдайды баяндады.

«Ауа райының салдарынан біздің облысымыздың 10 өңірінде 87 әлеуметтік нысанның шатыры зақымдалды. Бүгінгі таңда 3 өңірдегі 5 нысанның шатыры қалпына келтірілді, ал қалған нысандарды жөндеу қысқа мерзімде аяқталады және олар менің жеке бақылауымда. Қала және аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың жауапты басшыларына бүлінген нысандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазды облыс басшысы Instagram парақшасында.

Бүгін Қостанай облысының бірнеше ауыл жарықсыз қалғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT