+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қостанай облысында 775 шақырым автожол жөндеуден өтті

2021 жылғы 18 ақпан 01:37
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 775 шақырым автожол жөндеуден өтті

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында жол жөндеуге 68,5 млрд теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанды салуға қанша қаржы бөлінді Алматыда Сүйінбай көшесінде көлік қозғалысы шектеледі Ақмола облысында 700 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жол жөнделеді

2020 жылы Қостанай облысында 775 шақырым автожол жөндеу өткен. Осы мақсатта бюджеттен 68,5 млрд теңге жұмсалды, бұл 2019 жылдан 2 есе көп.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде былтыр 13 елді мекенде (Алтынсарин, Амангелді, Бейімбет Майлин, Денисов, Жангелдин, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Ұзынкөл аудандарында) 59 нысан күрделі қалыпқа келді. Бұған 2 млрд теңге бөлінді.

«Мемлекет басшысының бастамасы аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында газдандыру жұмысы жалғастырылуда. 2020 жылы Алтынсарин ауданының Қосқұдық, Федоров ауданының Федоровка ауылдарының газ тарату желілері пайдалануға берілді, Қостанай ауданының Шеминовка және Озерное ауылдарына газ құбыры салынды. Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылын газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Бұдан басқа, Қамысты ауданының Алтынсарино, Қостанай ауданының Шеминовка мен Озерное және Федоров ауданының Копытченка ауылдарын газдандыру жүзеге асырылатын болады», делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT