Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

2018 жылғы 20 қазан 14:16 404
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура өз қатарындағы жемқорлыққа қарсы тұру үшін жүйелі түрде шаралар қолданып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары парамен ұсталды Ислам Әбішевке қандай айып тағылып отыр

Қазан айында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Д. Аязбаевтың аумағы 6 гектар болатын 102 жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту және қайта рәсімдеу ісіне заңсыз араласқанын анықтады. Аязбаев өз билігін асыра пайдаланғаны үшін оның ісі сотқа беріліп, өзі прокуратура органынан жұмыстан қуылды. Сондай-ақ арнайы дәрежесінен де айырылды.

Ал заңсыз рәсімделген жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Сонымен қатар, 19 қазан күні Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Таран ауданының прокуроры М.Ж. Шалабаевты жергілікті кәсіпкерге «қамқорлық» көрсету үшін 750 мың теңге пара алып жатқан сәтінде қолға түсірді.  

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шалабаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT