+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қостанай облысында 70 адам қар құрсауынан шығарылды

2020 жылғы 8 сәуір 10:24
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 70 адам қар құрсауынан шығарылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп, Қостанай-Рудный автожолында 70-тен астам азаматты қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай облысының кей жолдарында қозғалыс шектелген.

«102» пультіне Қостанай-Рудный автожолында бір топ адамның қар құрсауында қалғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль мен арнайы техника жіберілді. Рудный қаласына әуелі балалар, әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектігі бар адамдар жеткізілді. Қалаға келген соң барлығына ыстық шай берілді. Азаматтар полицейлерге көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Жалпы 7 сәуір күні облыста 106 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 48-і облыс орталығында болды.

Айта кетейік, кеше ауа райының күрт құбылуына байланысты Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларында коммуналдық қызметтер тоқтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT