Қостанай облысында 66 жастағы зейнеткер бір айдан бері табылмай жатыр

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полицейлері із-түзсіз кеткен зейнеткерді таппай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лилия Александровна Сульз 1956 жылы туған, Қостанай ауданындағы Суриковка ауылында тұратын.

10 мамыр күні үйінен шыққан әйел содан бері қайтып оралмаған.

Осыған байланысты облыстық полиция Лилия Сульзға іздеу жариялады.

Бойы - 160-165 см, денесі толықша келген, шашы ақ.

Полиция жоғалған зейнеткер жайлы қандай да бір ақпарат білетін жандардың мына нөмірлер арқылы хабар беруін өтінеді: (8-7142) 52-62-18, 52-61-12, сот. 8-747-655-21-63.


Соңғы жаңалықтар