Қостанай облысында 650-ден астам адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 650-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысында 650-ден астам адам ұсталды. 220 адамға қатысты әкімшілік сот болып жатыр. Бұл тұлғалар бестен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 269 бабы «Ғимарат, құрылыс, хабар және байланыс құралдарына шабуылдау немесе басып алу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу іс шаралары жүргізілгеннен кейін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып 7 ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», деп атап өтеді Қайрат Дүйсембеков.


Соңғы жаңалықтар