+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қостанай облысында 6 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

2020 жылғы 31 қазан 14:32
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 6 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда 5788 адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 400 мыңнан астам тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады Түркістанда көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді

Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізді.

Осы жылы облыста 282 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, оның ішінде 75–і әлеуметтік-мәдени объектілерде, 43-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында. Сондай-ақ тағы 150-ден астам ауқымды жоба инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектісі мен елді мекендеріні абаттандыру бойынша атқарылып жатыр.

«Барлығы 14340 жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша кемінде 7 170 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін 682 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы 5788 адам жұмысқа орналастырылды.

ЖҚЖК жобаларында жалақы мөлшері орта есеппен 86 331 теңге болып белгіленген», - деп жазды Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде.

Өңір әкімі жұмыспен қамту жұмыстары бойынша аудан-қала әкімдеріне жекелей тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT