Қостанай облысында 55 жастағы әйелді құлдықта ұстаған
2021 жылғы 3 желтоқсан 21:24

Қостанай облысында 55 жастағы әйелді құлдықта ұстаған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер интимдік қызмет көрсететін бес қызды ұстады. Бір әйелді қосалқы шаруашылық иесі еркінен тыс ұстап отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция хабарлағандай, 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Қостанай облысы аумағында «SТOP трафик» республикалық жедел алдын алу шарасы өткен.

«Оның барысында облыстың ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақшалай сыйақыға интимдік қызметтер көрсетіп жүрген бес қызды ұстады. Қостанай ауданының аумағында облыстың жедел қызметкерлері аудан қызметкерлерімен бірлесіп 55 жастағы тұрғынды қосалқы шаруашылықта пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Қосалқы шаруашылықтың иесі оны наурыздан бастап еркінен тыс ұстап отырған», - деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы үшінші тармағы екінші бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ, «STOP трафик» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында «Жезөкшелікпен айналысуға тарту» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Облыстың криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтады, ол kizdar.net сайты арқылы арыз берушіні жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Тәртіп сақшылары Қостанай және Рудный қалаларындағы сауналарды тексеру кезінде анықталған ҚР ҚК 309-бабы бірінші тармағы бойынша екі қылмыстық істі тіркеді», - деді полиция.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT