Қостанай облысында 500-ге жуық кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасына қосылған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 500-ге жуық кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ashyq жобасы Қостанай облысының барлық аудандарында 26 сәуірден бастап жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қосылған 481 нысанның 419-ы жоба қатысушысы болса, 62-сі тест режимінде жұмыс істеп жатыр.

Өңірдегі шектеу талаптарының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтар 268 нысанды (Ashyq жобасына қатысушылар) тексеріспен қамти отырып, 127 рейд өткізді.

Аталмыш топтардың жұмысы барысында карантин бұзған 4 нысан анықталды, 3 жеке тұлға (Ashyq қатысушылары), 1 кәсіпкерлік субъектісі (жеке кәсіпкер) жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 466 720 теңге.

26 сәуірден бүгінге дейін Қостанай облысында Ashyq жобасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 8 тұлға және «сары» мәртебесі бар 6 тұлға анықталды.

3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар