Қостанай облысында 500 га алқап өртенді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Науырзым ауданындағы 500 га алқап өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай бүгін Науырзым ауданынан 15 шақырым жердегі  Ақбұлақ ауылында болған.

«Сағат 16:38-де ашық алаңдағы құрғақ шөп жанған. Өрт Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында тұтанған.  Жалын жел екпінінің әсерінен жылдам таралды. Өрт шамамен 500 га алқапты қамтыған. Ауыл тұрғындары мен орман массивіне қауіп төнген жоқ. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндіру жұмыстарына табиғи қорықтың қызметкерлері қатысты. Облыстық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар