Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады

2019 жылғы 4 мамыр 15:34 1528
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге облыстардың делегаттары, өнер қайраткерлері қатысты.  Қызғалдақтар фестивалінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 500 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Мұны белгілі дирижер, ауданның құрметті азаматы Сапар Ахметжанов ұйымдастырды.

«Дайындық жұмыстары бірнеше күн бойы жүрді. Қатысушылар әр ауылдан келді. Енді Ұлттық домбыра күні мерекесіне мың домбырашының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынбақпыз. Бұл Аманкелді ауданы әкімінің жобасы. Осындай рухани іс шаралар арқылы жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды сіңіре алады»,  - дейді  Сапар Ахметжанов.

Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады 
Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады 

Іс-шараның түстен кейінгі бағдарламасында ақындар айтысы, ұлттық ат спорты ойындары мен қызғалдақ түріндегі киімдер сайысы жоспарланған.


Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT