Қостанай облысында 5 жасар волонтер тұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 430 «күміс волонтер» тіркелген. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева орталық комминкациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде волонтерлердің жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Президенттің Волонтерлер жылын жариялауы волонтер қозғалысы мен ұйымдарының санын үш есеге көбейтті. Бүгінде 50 мыңнан астам азамат волонтерлік бағытта жұмыс істеп жүр. «Күміс волонтерлер» туралы айтсақ, бұл адамдардың белсенділігі тәнтімін. Елімізде жасы 50-ден асқан 1 430 ерікті тіркелген. Бір қызығы, соның 700-і Павлодар облысында тұрады», - деді Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуін қорытындылаған брифингіде.

Министр еліміздің еріктілерімен барынша жиі кездесіп тұратынын да атады. Сондай кездесулердің бірінде ерекше мәліметке тап болған екен.

«Соңғы рет Қостанай облысында болғанымда өңірдегі ең жас волонтердің жасы нешеде екенін сұрадым. Жауабын естіп қатты таңғалдым. Қостанай облысындағы ең жас волонтердің жасы бесте екен. Баланың әке-шешесі осы бағытта жұмыс істейтіні түсінікті. Өздері ғана айналысып қоймай, балаларын баулығандарына тәнті болдым. Баланың өз отбасында табиғатқа күтіммен қарап, жануарларды қорғауға бейім болып өсуіне үлкендердің табиғатқа жанашырлықпен қарап, ақысыз көмек көрсеткен істері әсер ететін болса керек. Бұл жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысынан өте маңызды. Сондықтан, мемлекет волонтерлік қозғалысты жүйелі дамытуға баса көңіл бөліп отыр», - деі Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Ведомство басшысы қазір облыстардың бәрінде волонтерлер штабы жұмыс істеп тұрғанын еске салды.

«Волонтерлік қозғалысты заңнамалық тұрғыда ынталандыруды көздейтін нақты жол картасы бар. Біз қазір Волентерлік және қайырымдылық туралы заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу мәселесін талқылап жатырмыз. Сондықтан осы шаралардың бәрі волонтерлер санының артуына жол ашады. Волонтерлік қазақстандықтардың өмір салтына айналып жатқаны қуантады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар