Қостанай облысында 5 сәуірден бастап жаңа қаулы күшіне енеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев өңірде карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.02.2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID -19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаулы шығарылды.

«1. «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін 1-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанындағы рұқсат:

- Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

- сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін қалған жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту;

- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта жеке оқытылуы» делінген қаулыда.

Сондай-ақ, 1-тармақтың 37-1) тармақшасы көрермендер залын 20%-ға дейін толтырумен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілсін деп өзгертілсін делінген: « Көрермендер залын 20%-ға дейін толтыра отырып, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беру» керек. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2021 жылғы 5 сәуір сағат 00-00 бастап күшіне енеді» делінген қаулыда.


Соңғы жаңалықтар