+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады

2021 жылғы 17 қаңтар 20:58
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы санитарлық-эпидемиялық ахуалдың әлсіреуіне байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына қайта көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңаөзенде «Балақай» оңалту орталығы ашылады Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды ЮНИСЕФ: COVID-19 салдарынан әлемде 168 млн бала бір жылға жуық мектепке бармаған

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында карантин режимі жиі бұзылып, індет қайта таралды. Салдарынан Қостанай облысы «қызыл аймаққа» енді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап екі апта мерзімге карантин енгізіледі.

Бүгін Қостанай қаласының бас санитарлық дәрігері А.Байкенов білім мекемелеріндегі санитарлық талапты күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады. Оған сәйкес, 5-11 сынып оқушылары қаңтардың 18-інен 31-іне дейін қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, 1-4 сынып оқушылары ғана бұрынғыдай кезекші сыныптарда білім алады.

«Алайда балаларын қашықтан оқыту режіміне көшіргісі келген ата-аналарға еш қарсылық болмайды», - деді басқарма басшысы.

Облыс орталығынан тыс жатқан қалалар мен аудандардағы мектептердің көбі қалыпты форматта білім беруде. Тек Алтынсарин, Қарасу ауданындарында 5 мектеп және Рудный қаласы мен Алтынсарин ауданында 4 балабақша қашықтан жұмыс істеуге көшірілді.

ЖОО мен колледж студенттері оқуларын дәстүрлі режимде жұмыс істеуін жалғастырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT