Қостанай облысында 49 әуе рейсі тоқтатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 49 әуе бағыты тоқтады. Бұл туралы агенттік тілшісі облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Олжас Нұрғалиевтен ақпарат алды.

Елімізде төтенше жағдайлардың (ТЖ) енгізілуне байланысты, 16 наурыздан бастап Қостанай облысының шекарасы уақытша жабылды. Алайда емделуге шығушыларға ҚР аумағында рұқсат етіледі.

«Азаматтық авиация саласында коронавирустың Қазақстан Республикасына одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында 49 тұрақты халықаралық рейс тоқтатылды. Оның ішінде ҚХР, Иран, Франция, Германия, Әзербайжан елдері бар. Облыстан ұшатын 84 әуе бағыты қысқартылды. 2020 жылдың 21 наурызында «Аэрофлот» авиакомпаниясының ұшағы Қостанай қаласының әуежайынан Мәскеуге ұшады. Бұл - әзірге ТЖ уақытындағы соңғы халықаралық рейс болмақ», - деді Олжас Нұрғалиев.

Жоспар бойынша, Қостанайдың халықаралық әуежайы 2020 жылдың 22 сәуірінде ғана қалыпты жұмысқа көшеді.


Соңғы жаңалықтар