+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қостанай облысында 470 жас кәсіпкер жеке ісін ашқан

2020 жылғы 16 наурыз 21:11
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 470 жас кәсіпкер жеке ісін ашқан

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында үш мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқыту крусынан өтті. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма басшысының айтуынша, аталмыш бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлердің несие алуына барынша қолайлы мүмкіндік жасалған. Мәселен, мал шаруашылығын дамыту үшін 7 жыл мерзімге 6,6 млн теңгеге дейін несие беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі де ыңайлы – 6%-тен көп емес. Шағын несиелер бизнестің басым бағыттарының 65 түрі бойынша беріледі. «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бизнес бағдарламалары аясында бірнеше адам кәсіп игерген.

«2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 3140 адам оқыды. 470 жас қатысушы жеке бизнесін ашса, 863-і қаржыландыруға ие болды. Оның ішінде, 442 адам мал шаруашылығын дамытуға кірісті. Ал «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 900 адам оқыды. 294-і өз ісін ашқан. 354 қатысушы қаржыландыруға қол жеткізіп, 63-і мал бағу ісін бастады. Шағын несиелерді кепілдендіруге жергілікті бюджеттен 17,4 млн теңге бөлінді», – деді Ж.Таукенов.

Жалпы, аталмыш бағдарламалар аясында 2019 жылы 892 жаңа жұмыс орны, 505 стартап жоба пайда болған. 505 стартаптың да 359 жобасы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

«Шағын несиелер есебінен 1898 ірі-қара мал, 1869 бас жылқы және 1628 қой-ешкі сатып алынды. Шағын және орта бизнесті несиемен қамтуға 3,6 млрд теңге бағытталды. Оны «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» және «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамдары бөлді. Бүгінде 819 өтініш мақұлданды. Оның 783-і ауылдық жерлердің жас кәсіпкерлері», - деді басқарма басшысы.

Кәсіп бағдарламаларына Амангелді, Жангелдин, Меңдіқара, Қостанай және Алтынсарин аудандары белсенді қатысқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT