+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қостанай облысында 443 бала коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 22 қазан 18:53
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 443 бала коронавирустан емделіп жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясымен ауырған азаматтардың, оның ішінде жүкті әйелдер мен балалар санының өсуіне байланысты азаматтарға қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында соңғы аптада эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай нашарлаған.

Өткен тәулікте өңірде COVID-19-дың 128 жағдайы тіркелген, ауырғандар саны тәулігіне 0,36%-ға өскен.

Коронавирус жұқтырғандардың 111-інде ауру белгілері болған, 17-і симптом болмаған.

Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова коронавирус инфекциясымен күресу үшін облыста 1 955 инфекциялық және карантиндік төсек-орын әзірленген.

«Соның ішінде 1665 инфекциялық төсек-орын бар. Онда қазір 638 науқас жатыр. 300 карантиндік төсек-орында қазір 21 науқас (жүктемесі 7%) жатыр. Соңғы тәулікте облыста 128 адам коронавирус жұқтырған», - деді ол.

Ведомство ауру жұқтырғандар арасында балалар мен жүкті әйелдер санының өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Қазіргі уақытта бізде 443 бала коронавирус инфекциясына шалдыққан, соның ішінде 8-і стационарда, қалғаны амбулаторлық е қабылдап жатыр. Сондай-ақ, КВИ жұқтырған 53 жүкті әйел тіркелді, оның үшеуі қазір жансақтау бөлімінде», - деді А. Бексұлтанова.

Облыста барлығы 325 278 адам немесе тұрғындардың 64,4%-ы вакцина алған. Соның ішінде 301 660 адам немесе 59,7%-ы екінші дозаны салдырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT