+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қостанай облысында 400 шақырым автожол ақылы болады

2019 жылғы 16 желтоқсан 01:51
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 400 шақырым автожол ақылы болады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –2020 жылдан бастап Қостанай облысы аумағындағы 400 шақырым жолға ақы алынады. Бұл туралы агенттік тілшісіне «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Андрей Горват айтып берді.

«Бүгінде елімізде 11 мың шақырым жолды ақылы ету мәселесі пысықталуда. Бұл біздің облысымыз арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне тікелей қатысты. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Келесі жылдың басынан облыстағы 400 шақырым автожол ақылы болады деп жоспарлануда. Сол үшін 9 мердігер жол жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауы тиіс», - деді А.Горват.

Келер жылы Қостанай жолдарын ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізіледі. 606 шақырым жол жөнделмек, 36 учаскені қамтитын жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге. Жөнделген жолдың сапасын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Ал облыс орталығының жолдарын жөндеу бойынша биыл 4 млрд теңге игерілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT