+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қостанай облысында 400 орындық жаңа аурухана салынады

2020 жылғы 23 қазан 01:26
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 400 орындық жаңа аурухана салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қос тарап Қостанай қаласында көпбейінді аурухана салу туралы меморандумға қол қойған.

Бұл мақсатта биыл жалпы ауданы 20 гектар жер учаскесі бөлінді.

Нысанның қуаты - 400 кереует-орын. 6 қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 67 мың шаршы метр.

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен жүзеге асырылады. Жаңа аурухананың стационары бірнеше бөлікке жіктелген.

Атап айтқанда, кардиологиялық бөлімге 90 кереует, неврология –65, хирургия –155, терапия –70, оңалту шаралары үшін 20 орын қарастырылған.

Жаңа көпбейінді аурухана ең заманауи медициналық техникамен жабдықталады.

МРТ, КТ, рентген, маммограф, остиоденситометр сынды құрал-жабдықтар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде сатып алынады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT