Қостанай облысында 400-ге жуық жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының жедел құтқару жасағы 18-20 ақпанда жолда қалып қойған 400-ге жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында ауа райына байланысты арнайы топ құрылып, құтқару жұмыстары жүргізілуде. 18-20 ақпан күндері облыста жүздеген көлік қар құрсауынан шығарылды.

«Қостанай – Қарабұтақ жолында 97 жүк көлігі мен 15 жеңіл автокөлік тұрып қалды. Жітіқара қаласы мен Қамысты ауданының әкімдігі құтқару шараларынан бөлек, 104 көлік жүргізушісі мен жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырды. 20 ақпан күні Рязанов ауылында 2017 жылы туған сәби облыстық ауруханаға жеткізілді. Екі күн ішінде жолда қалып қойған 400-ге жуық адам эвакуацияланды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар зардап шеккен 2 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті.


Соңғы жаңалықтар