Қостанай облысында 4 жасөспірім есірткімен ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында кәмелетке толмаған 4 баладан есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалы маңынан 2002-2003 жылдары туған 4 жасөспірімді анықтап, тексерген. Олардан газет қағазына оралған бума тәркіленді, ішінде өзіндік иісі бар, ашық жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.

«Көлік полицейлері олардың ата-аналарын шақыртып, заңды өкілдердің және жасөспірімдердің қатысуымен аталған заттарды тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қағаз бума ішінде жалпы салмағы 7,14 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді», - делінген ақпаратта.

Қостанай облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқықбұзушылар кінәлі деп танылып, 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ата-аналарының қадағалауымен 6 ай мерзімге пробациялық бақылау қойылды.

Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы (Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар