Қостанай облысында 381 цифрлық ферма құрылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру 5 бағыт бойынша іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде нақты егіншілік элементтерін енгізу, ет, сүт фермаларын автоматтандыру өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Биыл ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға екпін түсірілмек. Қазір облыста агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру 5 бағыт бойынша іске асырылуда. Бұлар – нақты егіншілік, «ақылды» ет, сүт фермасы, құс фабрикасы мен өзге де өндірістерді автоматтандыру.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2022 жылға дейін облыс аумағында 381 цифрлық ферма құрылады. Биыл цифрландыру шаралары бойынша пилоттық жоба өсімдік өндірісімен айналысатын 41 серіктестік жән ірі қара өсіру ісін қолға алған 33 шаруа қожалығында жүзеге асырылады. Егіншілік ісінде заманауи агрегаттарды пайдалану көзделген. Сонымен қатар, диқандарға дән сіңірудің инновациялық жүйесін қолдану ұсынылды. Бұл ретте, оларға мемлекеттік қолдау шаралары жақсы дәрежеде көрсетіледі», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Цифрлық технологияларды енгізудің жемісін шаруалар көріп отыр. Мәселен, нақты егіншілік элементтерін енгізу астық түсімін 3 центнерден 5 центнерге дейін арттырған. Диқандардың айтуынша, өндіріс тиімділігі жақсарып, жанар-жағармай шығыны қысқарады.


Соңғы жаңалықтар