Қостанай облысында 34 жастағы ер адамның денесі табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 7 мамыр күні Таран ауданының Береговое ауылында болған.

«Дүкен жанынан қинап өлтірілген 34 жастағы ер адамның денесі табылды. Жедел із кесу шаралары барысында 3 күдікті ұсталды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олар кінәларын толығымен мойындады.

Соңғы жаңалықтар