+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қостанай облысында 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

2020 жылғы 26 қараша 19:11
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 305,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысына 31,2 млрд теңге инвестиция құйылып, өсім 22,1 пайызды құрады. Облыс орталығында «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарының құрылысы аяқталуда. Аталған шағын аудандарды ауданы 478 мың шаршы метр болатын 80 үй салынды. 2021 жылға арналған жоспарда осы шағын аудандарда тағы 8 үй салу көзделген», - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар ол облыс орталығында «Құнай» және «Береке» шағын аудандарының игеру басталғанын айтты. Бұл шағынаудадардыаумағы 503,7 мың шаршыметр болатын 102 үй салынады. Мұнан бөлек жеке тұрғын үй құрылысы үшін ауданы 210 шаршы метр болатын 2 мыңнан астам жер телімі бөлінген.

«Тұрғын құрылысының жаппай белең алуына «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ филиалының да сепрін бергенін атап өткен жөн. Соңғы 3 жылда депозиттік қоржыны 2,1 есеге артты. Жылбасынан бері 665 кредиттік пәтер сатылды. Бұл республикадағы көшбасшы позиция саналады«, - деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанай облысының әкімі халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, өңірдегі елді мекендердің 61,7 пайызы немесе 174 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылғанын айтты.

«9,6 млрд теңгеге ауылдарды сумен жабдықтауға арналған 37 жобаны жүзеге асыру алғаш рет 10,5 мың адам тұратын 13 елді мекенді орталықтандырылған жүйеге қосуға, 14 ауылда сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік берді», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT