11:08, 18 Шілде 2019 | GMT +6
Қостанай облысында 3 жасар қыз құдыққа құлап, көз жұмды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданында үш жасар қыз құдықтағы суға батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Тимофеевка ауылында болды. Ведомствоның мәліметінше, бала ата-ана қарауынсыз қалған.
«Жеке тұрғын үй секторының ауласындағы техникалық құдықтан 2016 жылы туған қыздың денесі шығарылды. Ол сағат 13:00 барысында құдыққа құлап кеткен»,-деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тағы бір оқиға Қостанай қаласындағы «Ақ-Шаңырақ» демалыс орнында болған. Тобыл өзенін бақылап жүрген құтқарушылар қамыс арасынан 35-40 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Сараптама жұмыстары белгіленіп, кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр.