Қостанай облысында 3,5 мыңға жуық медицина қызметкеріне өтемақы төленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында коронавирус инфекциясына қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге өтемақы төлену жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында 527 медицина қызметкері, оның ішінде 117 дәрігер мен 410 медбике коронавирус инфекциясына қарсы күрес шарасының бел ортасында жүр. Бірнеше ай ауруханадан шықпай, індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан материалдық қолдау да қомақты. Осы уақытқа дейін індетке қарсы емдеу шараларын жүргізген 3 500-ге жуық медицина қызметкеріне жалпы көлемі 615,7 млн теңге өтемақы төленген.

Жалпы, облыс аумағындағы санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуын әкімдіктер мен «Атамекен» ҰКП, Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарының өкілдерінен, сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған 40 мониторинг тобы бақылап келеді. Арнайы топ бүгінге дейін 4 мыңнан астам рейд жүргізіп, жалпы саны 1 670 шағын азық-түлік дүкені мен ірі сауда орталығын тексерген.

Карантин кезінде мониторинг тобы жүргізген тексеру шарасының нәтижесінде 342 тәртіп бұзушылық анықталып, 20 бизнес нысанның қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ 125 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді.


Соңғы жаңалықтар