+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр

2020 жылғы 3 сәуір 23:13
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 16 адам карантинге жатқызылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірде инфекцияға қарсы іс-қимыл үшін 1077 төсек-орын дайындалды. Бүгінде облыста 291 адам ауруханаға жатқызылып, дәрігер бақылауына алынды. Оның ішінде провизорлық стационарларда – 99, карантиндік стационарларда – 163, инфекциялық төсекте 29 адам бар.

16 наурыздан бастап 63 адам стационарлардан COVID-19-ға теріс нәтижеден кейін шығарылды. Тағы 113 адамды шығару жоспарлануда», - деді М.Жүндібаев.

Өңірде үй карантиніне 1 «б» санатындағы елдерден (Чехия, Португалия, Финляндия, Литва, Ұлыбритания, Түркия, АҚШ, ТМД елдері және республиканың қолайсыз өңірлерінен) келген 2124 адам орналастырылды. Емхана дәрігерлері оларды қоңырау шалу арқылы қадағалайды.

Облыстың медициналық ұйымдарында денсаулық сақтау министрлігі ұсынған 105 дәрі-дәрмектің қоры бар. Ол 3 айға жетеді деп жоспарлануда.

Медициналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жергілікті бюджеттен қосымша 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұған медициналық жабдықтар, дезинфекциялық құралдар, қорғаныш комбинезондарын, маскалар сатып алынады.

Бұған дейін Қостанай облысында бір адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.

Кейін оның 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх - Алматы» рейсімен ұшып келгені белгілі болды .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT