Қостанай облысында 29 жастағы әйелді қасқыр талады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған әйелді қасқыр талады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған.

Түз тағысы үйінен шыққан 1991 жылы туған әйелге тап берген.

Қазір қасқыр талаған әйел ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оның жағдайы туралы сәлден соң толық ақпарат беруге уәде етті.


Соңғы жаңалықтар