+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанай облысында 29 ауылға сапалы ауыз су желісі тартылады

2020 жылғы 29 шілде 22:19
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 29 ауылға сапалы ауыз су желісі тартылады

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен селектор жиынында халықты ауыз сумен қамтуға бағытталған жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл елордада пайдалануға берілетін үй саны өткен жылғыдан екі есе көп- әкім Алтай Көлгінов ұзаққа созылған құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды Петропавлда шаңғы базасының аумағын қалпына келтіруге 70 млн теңге жұмсалды

Соңғы жылдары ауылдық жерлерге су құбырларын тарту жұмыстары қолға алынды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың мәліметінше, биыл осы бағытта 57 инфрақұрылымдық жоба халықтың игілігіне тапсырылмақ. Оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 млрд теңгеден артық ақша бөлінген. Бүгінгі күні қаражаттың 5 млрд теңгесі игерілді.

«Биыл 31 нысанның жөндеу жұмысы аяқталуы тиіс. Нәтижесінде, жалпы саны 31 мың тұрғыны бар 29 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, төрт қалада тозығы жеткен су тарту желілері мен құбыр жүйелері жөнделеді. Қалған 26 жоба кейінгі жылдарға қалады. Біздің есебімізге сәйкес орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған ауылдар саны 61,7%-ға тең. 2020 жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш жақсара түседі. Ауылдарда су жабдықтарын салу жөнінен жобалық - сметалық құжаттар әзірленіп жатыр», - деді Д. Асқаров.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Алтынсарин ауданында 3,1 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылуда. Биыл аяқталып, 5 ауыл, 3,3 мың адам орталықтандырылған сумен қамту жүйесінің игілігін көрмек. Ал Амангелді, Науырзым, Б.Майлин, Ұзынкөл аудандарында - 1, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара аудандары мен Арқалық қаласында - 2, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Сарыкөл аудандарында - 3, Жангелдин ауданы мен Лисаков қаласында - 4, Меңдіқара ауданы мен Рудный қаласында - 2, Федоровта - 5, облыс орталығында 11 жоба іске асырылуда.

Сумен қамту жүйесін жетілдіріп, ауыз су сапасы барлық белгіленген нормаларға жауап беруі керек. Құрылыс жұмыстары тиісті мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Архимед Мұхамбетов жауапты басшыларға осыны баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT